Босниялық жартылай қорғаушы ҚПЛ-ге аусуы мүмкін

Бүгін, 17:20

Қырғызстан чемпионатының ең құнды ойыншыларының бірі, Босниялық жартылай қорғаушы Харун Карич Қазақстандық клубқа ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Босниялық жартылай қорғаушы  ҚПЛ-ге аусуы мүмкін

Карич өткен маусымда "Барс" клубының сапында ел чемпионы атанып, Қырғызстан чемпионатының үздік футболшыларының бірі ретінде танылды.

23 жастағы Харун Карич орталық жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. Ол өткен маусымда жоғары нәтиже көрсетті:

Лига мен Кубокты қоса алғанда, 25 матчта 9 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Бұл оның орталық жартылай қорғаушы үшін өте жоғары көрсеткіш екенін білдіреді.

23 жастағы оның әлеуеті өте зор деп бағалануда.

АЗИЯ-СПОРТ телеграм арнасының мәліметінше Харун Каричке Қазақстаннан бөлек, бірқатар шетелдік клубтар қызығушылық танытуда. Бұл оның Еуропа мен Азия нарығындағы сұранысы жоғары екенін көрсетіп отыр.

Ойыншыға Әзірбайжан, Украина, Индонезия және Балқан елдерінің клубтары да көз тігуде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×