Босния. Алғашқы қадамнан алысқа бармақ

03.06.2014, 22:24
Босния. Алғашқы қадамнан алысқа бармақ

19 жыл бұрын Югославияның құрамында болған Босния және Герцеговина соғыс жылдарынан кейін халқы азып тозған еді. Биылғы жылдың жазында бұл елдің футбол құрамасы Бразилия жерінде өз жанкүйерлерін қуантуға тырысады. 2013 жылдың 15 қазанында Латвия құрамасымен іріктеу турнирінің соңғы матчында жеңіске жеткеннен кейін босниялық жанкүйерлер көшелерге шығып, тойлаған болатын. Бұл жеңіс командаға алғаш рет Әлем чемпионатына қатысуына мүмкіндік берді. Сол ойыннан кейін көшелерде болған жағдайда көрсеңіз. Сіз адамдардың бақытқа кенелгенін көрер едіңіз. Сол уақытта біздің қандай әсерде болғанымызды сөзбен айтып жеткізу қиын. Босния және Герцеговина тұрғындары бастарынан көп қиындық өткерді. Тіпті бақытқа кенелген сәттері көп болды деп айта алмаймын. Одан кейін футбол босниялықтарды бақытты етті. Жанкүйерлерімізге үлкен қуаныш сыйлағанымыз үшін өзімізді де бақытты санаймыз. 

Сафет СУШИЧ Біздің елдің тұрғындары футболды өте жақсы көреді. Фанаттар ұлттық құрамада ойнайтын әр футболшының спорттық мансабын жіті назарда ұстап отырады. Біздің құраманың Әлем біріншілігіне алғаш баруы, бізге қосымша күш қуат беретіні сөзсіз. Әрине елімізде соғыс аяқталған соң, халық қиын жағдайда өмір сүріп келді. Ал біздің халықаралық аренада өнер көрсетуіміз, сол үлкен жараны жапқан пластырь секілді. Футболды тамашалау арқылы жанкүйерлеріміз өздерінің қиын өмірлерін бір сәтке болса да ұмытады. Соңғы алты айда олардың негізгі қозғаған әңгімесі – футбол болды.
Босния және Герцеговина 1992 жылы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды
Оның бейресми атауы – «Жүрек формасындағы Жер»...
Жағалау ұзақтығы 12 миль
Мемлекет астанасы – Сараево...
Бұл жерде 1984 жылы қысқы Олимпиада ойындары өткен...
Ең алғашқы ресми матч 1995 жылы Тиранада өтті. Ол ойында Албания құрамасына 0:2 есебімен жол берді
Ең танымал клубтары – «Железничар», «Сараево» және «Борац».
2010 жылы Тузла қаласында бұқаралық вальс билеу кеші өтті. Бес минуттың ішінде 1521 адам жұп құрып биледі.
Квалификация кезінде командаға ондаған мың жанкүйер қолдау көрсетті. Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарында сәтсіз өнер көрсеткендіктен бас бапкер құрама жігіттеріне сенімсіздік танытқан болатын. Алайда Әлем біріншілігінің іріктеу ойындарында босниялықтар өз құрамаларының әр ойынында жоғары нәтиже көрсетіп жүргендіктен қолдау да көбейе түсті. Нәтижесінде Бразилиядағы мундиальге өз тарихында алғаш рет жолдама алды. Звездан МИСИМОВИЧ Жанкүйерлер бізге әр ойында қызу қолдау көрсетеді. Іріктеу ойындарының басында қиындықтарға тап болғанбыз. Сол кезде де қолдауларын тоқтатпады. Біздің оларға алғысымыз шексіз. Оларсыз біз мұндай дәрежеге жетпес едік. Словакия құрамасымен өз алаңында болған жеңілістен кейін араға төрт күн салып, жанкүйерлер Жилинаға аттанып, стадионды сары-көк түске бояды. Іріктеу ойындарының аяқталуына үш матч қалғанда олардың қаһармандары өз тобында бірінші орынға шықты. Тіпті Грекия құрамасынан голдар айырмасы бойынша басып озған болатын. Ведад ИБИШЕВИЧ Бұл өте керемет ойын болды. Біздің өз алаңымызда өтетін барлық ойындарда стадионда ине шаншар орын болмайды. Алайда Словакиядағы матч ерекше болды. Өткені ол жақта біздің фанаттарымыз көп болды. Сырт алаңдағы ойында қолдау болатынын білдік, алайда дәл осыншама жанкүйер келеді деп ойламаппын. Меніңше бұл көпшілікті таң қалдырды және жеңіске жетуімізге негізгі себепкер болды. Тіпті біз 0:1 есебімен жеңіліп жатқанда да олар қолдауларын тоқтатпады. Соңғы 20 минутта салынған Эрмин Бичакчич пен Изет Хайровичтердің салған голдары Босниядан арнайы келген жанкүйерлерге арналған үлкен сый болды. Сонымен қатар сол ойыннан кейін алған үш ұпай команданың өз тобында бірінші орында қалуына себепкер болды. Лихтенштейн құрамасыне жеңгеннен кейін Литва құрамасын міндетті түрде ұту керек болды. Ондай жағдайда Босния және Герцеговина құрамасы Әлем чемпионатына жолдама алатын мүмкіндігі бар еді. Ведад Ибишевичтің 68 минутта салған голы командаластарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ведад ИБИШЕВИЧ Бұл іріктеудегі ең соңғы матч болды. Бізге тек жеңіс қажет еді және сол ретте біз бар күшімізді салдық. Қарсыластарымыз Бразилияға баратын жолымызға тосқауыл қоюға тырысты. Сол себептен де ойын өте қиын болды. Алайда бағымызға орай біз жеңіске жеттік. Сафет СУШИЧ Біздің осындай дәрежеге жетуіміз ауызбіршілігімізден деп білемін. Осы ұзақ жолда жан алысып, жан беріскен құрамадағы әр ойыншымды мақтан тұтамын. Іріктеу ойындары барысында ойыншыларым маған ешқандай қиындықтар туғызған жоқ. Мен үшін бұл өте маңызды. Мен оларға: «Спорттық мансаптарың аяқталар тұста Әлем біріншілігіне бармасаңдар ұят болады» деп сан рет айтқам. Іріктеу ойындары кезінде Сушич команда жігіттеріне көп қолдау көрсетті. Кезінде Югославия құрамасының сапында екі Әлем чемпионатына қатысқан. Өзінің спорттық мансабында сол кездегі ең үздік жартылай қорғаушылардың санатына кірген. «Пари-Сен-Жермен» сапында тоғыз доп теуіп, 343 ойында 172 рет қарсылас қақпасына гол тоғытқан. Француздың белгілі спорт журналының бағасы бойынша клуб сапындағы ең нәтижелі футболшы ретінде есімі тарихта жазылды. Кейін ұлттық құрама сапында бас бапкерлік қызметке келген соң, команданың стилін шабуыл мәнеріне дайындай білді. Сафет СУШИЧ Әлем чемпионатына квалификация кезінде біз 30 гол салдық. Біздің тобымызда екінші орын алған Грекия құрамасы 12 голмен ерекшеленді. Осыған қарап-ақ біздің команда шабуылдаушы стильді таңдап, барынша көп гол салуға тырысқандығымызды анық аңғартады. Звездан МИСИМОВИЧ Біз көбінесе шабуылдауға тырысамыз. Бапкер өз командасының мықты тұсын білуі тиіс. Онсыз біз іріктеу ойындарында көп гол сламас едік. Біз шабуылдағанды ұнатамыз және бұл тактикамыз өз жемісін береді. Сушич 4-1-3-2 тактикасымен ойнағанды қалайды. Іріктеу ойындарында 10 матчта небәрі 6 гол жіберген Асмир Бегович негізгі қақпашы болуы мүмкін. Сушич қапталдағы қорғаушылардың шабуылға жиі араласқанын қалайды. Мисимович екі шабуылшының артында ойнайды және көп жағдайда қақпашыға қауіп төндіреді. Шабуыл шебінде Эдин Джеко пен Ибишевич өнер көрсетеді. Іріктеу ойындарында дәл осы екі аяқдопшы ең нәтижелі жұп болып танылды. Сафет СУШИЧ Квалификация кезінде біз екі шабуылшымен ойнадық. Онсыз біздің амалымыз да болмады. Бізде екі керемет форвард бар – Джеко және Ибишевич. Өз алаңымызда және сырттағы матчтарда шабуылдаушы мәнерде ойнай білдік. Нәтижесінде таңдаған тактикамыз өз жемісін берді. Бразилияда Ибишевич және компаниясы Аргентина, Нигерия және Иран құрамаларымен бір топта жолдары түйіседі.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×