Босния және Герцеговина құрамасы Қазақстанмен болатын матч алдында маңызды ойыншыларынан айырылды

29.09.2021, 20:33
Ивайло Петев қос бірдей футболшыға сенім арта алмайды.
Босния және Герцеговина құрамасы Қазақстанмен болатын матч алдында маңызды ойыншыларынан айырылды

Босния және Герцеговина құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанмен бооатын матч алдында бірнеше ойыншысынан айырылды, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі S1 порталына сілтеме жасап.

"Миралем Пьянич үш апта бойы алаңға шықпайтын сияқты. Осылайша, ол 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Украинаға қарсы өтетін матчтарға қатыса алмайды. Ең қиыны, Ивайло Петев бұған дейін жарақат алған "Миланның" жартылай қорғаушысы Раде Круничке де сене алмайды.

Петев «Сток Ситидің» жартылай қорғаушысы Марио Вранчичке қоңырау шалды, бірақ ол ойыншы да өз командасының соңғы ойынында жарақат алып қалды. Оның формасы жақсы болса да, ол алдағы ойындарға қатыспауы мүмкін деген қорқыныш бар. Алайда, оның жарақаты онша ауыр емес сияқты және ол келесі матчтарда Петев үшін қол жетімді болады", - деп жазады босниялық басылым.

Еске салайық, Қазақстан мен Босния және Герцеговина арасындағы ойын 9 қазанда "Астана Арена" стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×