Босния және Герцеговина құрамасының Қазақстанмен болатын ойынға арналған ойыншылар тізімі жарияланды

22.08.2021, 21:08
Қазақстан бұл командамен 7 қыркүйек күні сырт алаңда кездеседі.
Босния және Герцеговина құрамасының Қазақстанмен болатын ойынға арналған ойыншылар тізімі жарияланды

Босния және Герцеговина құрамасының 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды.

Босния және Герцеговина ұлттық құрамасы 1 қыркүйекте Франциямен сырт алаңда ойнайды, содан кейін 4 қыркүйекте Кувейтпен жолдастық кездесу өткізеді, ал 7 қыркүйекте олар Қазақстан құрамасын қабылдайды.

Босния және Герцеговина құрамасының осы матчарға шақырту алған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Ибрагим Шехич («Коньяспор», Түркия), Никола Василь («Санкт-Паули», Германия), Кенан Пирич («Атромитос», Грекия)

Қорғаушылар: Бранимир Ципетич («Локомотива», Хорватия), Юсуф Газибегович («Штурм», Австрия), Сеад Колашинац («Арсенал», Англия), Эльдар Цивич, Аднан Ковичевич (екеуі де – «Ференцварош», Венгрия), Анель Ахмедоджич («Мальме», Швеция), Деннис Хаджикадунич («Ростов», Ресей), Синиша Саничанин («Партизан», Сербия), Александр Йовичич («Горица», Словения);

Жартылай қорғаушылар: Амир Хаджиахметович («Коньяспор», Түркия), Степан Лончар («Ференцварош», Венгрия), Миралем Пьянич («Барселона», Испания), Амер Гояк («Динамо Загреб», Хорватия), Гойко Чимирот («Стандард», Бельгия), Раде Крунич («Милан», Италия), Харис Хайрадинович («Касымпаша», Түркия), Мирослав Стеванович («Серветт», Швейцария), Ади Налич («Мальмё», Швеция);

Шабуылшылар: Эдин Джеко («Интер», Италия), Лука Менало («Динамо Загреб», Хорватия), Эрмедин Демирович («Фрайбург», Германия), Смаил Превляк («Эйпен», Бельгия);

Бас бапкер: Ивайло Петев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×