"Брайтон" әлде "ЦСКА"? Темірлан Анарбековтің болашағына байланысты маңызды мәлімдеме айтылды

Бүгін, 14:38

«Жеңістің» бұрынғы бас бапкері Акис Вавалис «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековтың өнерін бағалап, мансабына байланысты ойын ортаға салды.

"Брайтон" әлде "ЦСКА"? Темірлан Анарбековтің болашағына байланысты маңызды мәлімдеме айтылды
Темірлан Анарбеков

Естеріңізде болса, Темірлан Анарбеков 2024-жылы елордалықтар сапында жалдау шарты бойынша өнер көрсетті. Сол кезде грекиялық маманмен жолдары түйіскен болатын.

«Бастапқыда Анарбеков қосалқы қақпашы болғанымен, оның ерекше қабілетін байқамау мүмкін емес еді. «Қайрат» сапында үш пенальтиді қайтарып, командасын Лига кубогының финалына шығарды (2:3). Ол ешкімнен кем еңбек еткен жоқ. Ал Чемпиондар лигасындағы соңғы ойындары арқылы деңгейінің айтарлықтай өскенін және жоғары лигаға лайық екенін дәлелдеді. Қазір Темірланның шеберлігі артқандықтан, оған атақты клубтардың қызығушылық танытуы әбден мүмкін. Словакия, Словения немесе Болгария чемпионаттары да осал емес, алайда бұл қақпашы бұдан да жоғары деңгейге дайын, – деді А. Вавалис «ASnews.kz» сайтына берген сұхбатында.

«Қайраттың» президенті Қайрат Боранбаев Темірланға Англия, Грекия мен Ресей клубтарының қызығушылық танытқанын мәлімдеген. Сондай-ақ, 22 жастағы қақпашыға осыған дейін болгариялық «ЦСКА» клубы да қызыққан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×