Елімізде туған “Слован” ойыншысы Алматыдағы матчқа келді ме?
“Қайраттың” Чемпиондар Лигасындағы қарсыласы атанған “Слован” командасын еліміздегі БАҚ өкілдері жан-жақты зерттеуде. Бізде словакиялық клубтың құрамын зерделей Юрий Медведев есімді отандасымызға кезіктік. Сөйтсе, қорғаушы Қазақстаннан көшіп кеткелі біраз жыл болыпты. 1996 жылы “Ақтөбенің” Бадамша деген ауылында дүние есігін ашқан Юрий 3 жасында Чехияға қоныс аударыпты. Онда өз отбасымен бірге тіл үйреніп, Еуропада ойнау үшін чех азаматтығын алған екен. Айтпақшы, Медведевте тарихи отанының көк төлқұжаты әлі күнге дейін бар. Осы паспорттың арқасында ол кезінде ел құрамасына шақыртылғанды. Алайда Қазақстан намысын қорғау үшін футболшы алдына үлкен таңдау тұрды. Соған сәйкес, қорғаушы Чехия азаматтығынан бас тартуы тиіс болған. Бірақ көп ойланбастан, Медведев Еуропа төлқұжатынан бас тарту мансабына кері әсерін тигізетінін айтып түсіндірген болатын. Содан бері Юрий мен Қазақстан арасындағы байланыс үзілді. Мансабын өз алдына жоғары қоған Медведев “Баник”, “Сенице”, “Сочи” және “Слован” клубтарында өнер көрсетті. Жалпы қаптал қорғаушы Братислава ұжымының ең тәжірибелі ойыншыларының бірі. Ол “Слованда” жалпы алғанда барлық турнирлерде 150-ге жуық ойын өткізген.
Чемпиондар Лигасы іріктеуінің үшінші кездесуін өткізу үшін "Слован" футболшылары 5900 шақырымды артқа тастап Алматыға келді. Алайда словакиялық аяқдопшылар қатарында отандасымыз Юрий Медведев табылмады. Қорғаушы 1 айдан бері жарақатынан айығуда. Юрий өз командасының жаттығу жиындарында балтыр бұлшық етін жарақаттап алыпты. Футболшы әлі екі аптадай дәрігерлердің бақылауында болмақ. Бұл дегеніміз Медведев “Қайратқа” қарсы қос ойынды да өткізеді дегенді білдіреді.