
Әлемнің ең көп Чемпионы "Бразилия" құрамасының бапкері болып Сауд Арабиясының "Аль-Хилал" клубын жаттықтырып жүрген Португалиялық маман Жорже Жезуш келуі мүмкін.
Esporte пқпарат көзінің мәліметінше, Бразилия футбол федерациясы 70 жастағы бапкер үшін 2,5 миллион еуро көлемінде өтемақы төлеуге дайын. Ұйым Жезуштың ұлттық құраманы мамыр айында-ақ басқаруын қалайды.
Жоспар бойынша, Португалиялық маман Азия чемпиондар лигасының финалы аяқталғанша Сауд Арабиясында жұмысын жалғастырады. Финал 3 мамырға белгіленген.
Айта кетерлігі, Жезуш Сауд Арабиясындағы табысынан 80 пайыз аз жалақы алуға келісіп отыр. Қазіргі таңда ол "Аль-Хилалда” жылына 10 миллион еуродан артық табыс табады, ал Бразилияда оған 2 миллионнан сәл асатын жалақы мен бонус ұсынылады. Соған қарамастан, маман ұлттық құраманы жаттықтыру үшін бұл ұсынысты қабыл алуға дайын.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET