Бразилиялық БАҚ: “Дастан Сәтпаев “Челсидің” болашағына ықпал ете алатын талант“

11.09.2025, 09:15

Әлемдік футболда "Челси" клубы жас ойыншыларға сенім артуымен ерекшеленіп келеді. Соңғы жылдары трансфер саясаты жастарды тартуға бағытталып, олардың ішінде Қазақстандық футболшының есімі де жиі аталып жүр.

Бразилиялық БАҚ: “Дастан Сәтпаев “Челсидің” болашағына ықпал ете алатын талант“

Бразилиялық танымал спорттық парақша TNT Chelsea өз жазбасында "Челси" сапындағы жас жұлдыздарды тізіп өтті. Онда Эстеван, Жеовани Кенда, Кендри Паэс, Шим Меука, Райан Кавума-Маккуинмен қатар Қазақстандық Дастан Сәтпаевтың аты да аталған. Бұл жас шабуылшының халықаралық деңгейде мойындала бастағанының айқын дәлелі.

Парақшада: "Бұл тіпті абсурд сияқты. Бір жағында Эстеван секілді дайын жұлдыз бар, ал екінші жағында Сәтпаев пен өзге де жас таланттар. Барлығының да "Челсиге” үлкен ықпал ете алатын әлеуеті зор.” – делінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×