Бразилиялық футболшы “Атыраудан” кетісімен өзіне жаңа команда тапты

23.04.2024, 19:43

“Далвик/Рейнир” ирландиялық  клубы қорғаушы Матеус Биссимен келісімге келгенін қуана хабарлады.

Бразилиялық футболшы “Атыраудан” кетісімен өзіне жаңа команда тапты

Ленгюдейлд лигасында өнер көрсететін команданың ауыз толтырып айтар жетістігі жоқ. Исландиялық команданың сапында Матеус келмегенше, небәрі 5 легионер ойнап келді. 

Айта кетейік, 4 мамыр күні Исландия чемпионаты өз бастауын алады. Соған орай, “Далвик” - “ИБВ” клубымен бақ сынасады. Аталған ойында Бисси дебют жасауы мүмкін.

Жалпы қорғаушы “Атырау” сапына 2022 жылдың қаңтар айынан бері өнер көрсетіп келді. Жалпы алғанда “мұнайшылар” үшін Матеус барлығы 50 ойын өткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×