Бразилиялық футболшы “Қайрат” сапында өзін көрсетуге деген соңғы мүмкіндікке ие болды

25.11.2025, 10:15

Алматылық ұжым легионерден тағы бір мәрте үміт күтіп көрмек, деп хабарлайды Aladop.kz.

Бразилиялық футболшы “Қайрат” сапында өзін көрсетуге деген соңғы мүмкіндікке ие болды

Дикая Пуля телеграм арнасының мәліметінше Бразилиялық Элдер Сантана қысқы дайындық кезеңінде "Қайратқа" қосылады. Клуб басшылығы ойыншыға екінші мүмкіндік беруді жөн көрген. 

ОАЭ-дегі оқу-жаттығу жиыны Сантана үшін шешуші кезең болмақ. Бапкерлік штаб оның физикалық жағдайын, психологиялық дайындығын және командаға қаншалықты пайдасын тигізе алатынын барынша мұқият бағалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×