Бразилиялық маман «Елімай» жайлы: басшылығы сұмдық екен!

21.03.2025, 12:45

«Елімай» мен ортақ тіл табыса алмай, келісімшартқа отырмай клубтан кеткен бразилиялық қорғаушы Энцо Мендестің әкесі әйгілі Фалькао семейлік команда туралы жағымсыз пікір айтты.

Бразилиялық маман «Елімай» жайлы: басшылығы сұмдық екен!
Фалькао

Танымал спортшы «Елімай» басшылығының тарапына шағым білдіріп, ұлын жақтады. 

«Өтірік! Мен ұлымның барлық келіссөздерін жүргізем. Жақсы клуб, жанкүйерлері де жақсы ал бірақ басшылығы сұмдық екен! Олар келісілген дүниенің ешқайсысын орындаған жоқ! Олар менің ұлымды 70 күн бойы алдап келген. Менде оның барлығы сақтаулы тұр! Барлық құжаттар мен келіссөздердің мәліметтері қолымда. Оның барлығын БАҚ-та жариялап жіберемін», - деді Фалькао. 

Айта кетейік, «Елімай» қаңтарда Энце Мендеспен келісімге келгенін жариялаған еді, алайда аптаның басында семейліктер оны жоққа шығарып, футболшымен қош айтысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×