“Жеңіс” ФК өз легионерімен қоштасты.
Елордалық ұжым бразилиялық шабуылшы Джон Клебермен ортақ шешім бойынша келісімшартты бұзды.
Ол “сары-қаралар” жейдесінде екі ойын өткізіп үлгерді. Бірі “Астанаға” қарсы болса, енді бірі “Ақтөбеге” қарсы.
"Жеңіс" ұжымына дейін 24 жастағы ойыншы “Хувентуд Лас-Пьедрас", "Сан-Жозе", "Риу Бранку", "Коринтианс Б" және "Понте-Прету" клубтарында доп тепті.
ҚПЛ 4-тур қорытындысы бойынша 3 ұпай жинаған “Жеңіс” турнирлік кестеде 12 орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET