Бразилиялық сұрмерген Элдер Сантана елордалық ұжымның жейдесін кимек, деп хабарлайды Aladop.kz.
BAD FOOTBALL телеграм арнасының мәліметінше Элдер Сантана Қазақстан чемпионатындағы сапарын елордалық "Жеңіс" клубында жалғастырады.
Сантана елімізде бірнеше жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан, ішкі біріншіліктің қыр-сырына қанық легионер. Бұған дейін ол "Ақтөбе”және "Қайрат" өнер көрсеткен болатын.
Элдер өз шеберлігін Бразилияның атақты "Атлетико Минейро" мектебінде шыңдаған. 2013 жылы осы клубпен бірге Оңтүстік Американың ең беделді турнирі — Либертадорес кубогында жеңіске жеткен.
Бразилиядан бөлек ол, Португалия біріншіліктерінде де бақ сынап, жан-жақты шабуылшы ретінде қалыптасты.
Элдердің інісі Эмерсон Сантана да кәсіби футболшы.
“Қайраттағы” соңғы уақыттарында Сантана ауыр жарақат алып біраз уақыт жасыл алаңнан шеттеп қалған еді. Осы жарақат оның "Қайрат” сапындағы Чемпиондар лигасы мен ішкі біріншіліктегі ойындарына кедергі келтірді.