Футболдан Қазақстан құрамасы ертең Алматыда Болгариямен жолдастық кездесу өткізбек. Матч кешкі сағат 20:00 де орталық стадионда басталады. Ал әлемнің маңдай алды командалары Англия мен Бразилия да өз күштерін жолдастық кездесуде сынап көрді.Рио-де Жанейрода өткен бәсеке тартысқа толы болды. Алғашқы таймда есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін ширақ ойнаған алаң иелері Фредтің көмегімен алға шықты. Көп ұзамай англиялық Алекс Окслейд-Чемберленнің жерлетіп тепкен добы қақпа төрінде тулады. Мұнымен тоқтамаған қонақтар жеңіске жақын болған. Англия құрамасының шабуылшысы Уэйн Рунидың алыстан бағыттаған добы қақпаныңтоғыздығынан табылды. Қалған уақытта бразилиялықтарды жеңілістен құтқарған Паулинью.