Бразилия Перу құрамасын ірі есеппен жеңді

18.06.2021, 14:26
Тите шәкірттері екі матчта жауапсыз жеті гол соқты.
Бразилия Перу құрамасын ірі есеппен жеңді

Рио-де-Жанейро қаласындағы «Олимпико Нилтон Сантос - Энженьян» стадионында Бразилия мен Перу құрамалары кездесті. Матч 4:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Есепті 12-минутта Бразилия құрамасының қорғаушысы Алекс Сандро ашты. Екінші таймның ортасында Неймар өз командасының есептегі басымдығын арттырды және ойын соңында Эвертон Рибейро мен Ричарлисон гол соғып, матчтың нүктесін қойды.

Еске салайық, бірінші айналымда Бразилия Венесуэланы еш қиындықсыз жеңген болатын (3:0). Тите шәкірттері В тобында екі матчта алты ұпай жинап, бірінші орында келе жатыр. Олардың артында Колумбия (4) тұр, ал Венесуэла (1) алғашқы үштікті түйіндеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×