Бразилия құрамасы бас бапкерін ауыстырмақ

07.04.2022, 23:26
Титенің келісім-шарты алдағы мундиальдан кейін аяқталады.
Бразилия құрамасы бас бапкерін ауыстырмақ

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола Бразилия құрамасын тізгіндеуі мүмкін, деп хабарлайды Marca.

Дереккөздің мәліметінше, Бразилия футбол федерациясы Гвардиоланы бас бапкер лауазымына тамаша үміткер деп санайды. Хосеп 2022 жылғы әлем чемпионатынан кейін Бразилия құрамасының бас бапкері атануы мүмкін. Дәл сол сәтте Титенің де командамен келісім-шарты аяқталады.

Бразилия футбол федерациясы Гвардиоланың агентімен байланысқа шығып үлгерген екен. Испаниялық маманға 2026 жылғы әлем чемпионатына дейін келісім-шарт ұсынылды. Бұл келісім бойынша Хосептің жылдық жалақысы 12 миллион еуро болуы мүмкін.

Айта кетейік, 60 жастағы Тите 2016 жылдан бері Бразилия құрамасын, ал Гвардиола «Манчестер Сити» клубын жаттықтырып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×