Бразилия құрамасының тізіміне енбеген 10 футболшы

08.05.2014, 21:09
Бразилия құрамасының тізіміне енбеген 10 футболшы
Луис Фелипе Сколари мырза Әлем Чемпионатына баратын футболшылардың тізімін жариялады. Әлемнің үздік құрамасының сапында аздаған өзгеріс орын алған. Роналдиньо, Робиньо, Кака секілді сақа футболшылардың бұл тізімге енбегені өкінішті. Жас та болса бас болып жүрген талантты футболшылардың өнерін дүбірлі додада көретін боламыз. Жаңа есімдер футболсүйер жанкүйерлердің жадында жаңғырар кез де алыс емес.    Тізімге енбей қалған 10 футболшының қайсысы құрамада ойнауға лайықты екенін өздеріңіз бағамдарсыздар.      1. Робиньо Сколари «Милан» командасының шабуылшысы Робиньоны құрамаға шақыруды жөн санамады. 10 жыл қатарынан құраманың негізгі ойыншысы болған шабуылшының орнын украиналық «Шахтер» командасының футболшысы Бернард басады деп күтілуде. 2. Роналдиньо   2005 жылғы "Алтын доптың" иегері, 2002 жылғы Әлем Чемпионатының жеңімпазы да дүбірлі додоға қатыспайтын болды. 3. Кака  2010 жылы Әлем Чемпионатының жеңімпазы болуға Каканың жарақаты жол бермесе, 2014 жылы "Миланның" футболшысы құрамаға енбеді. Өкінішті, әрине. Енді-енді бабына еніп, өз ойынын қайтадан тапқан Каканың Әлем Чемпионатында айтары көп еді.  4. Филипе Луис Мадридтің «Атлетикосын» өрге сүйреген футболшылардың бірі Филипе Луис Бразилия құрамасының бас бапкеріне керек болмады.  5. Миранда  «Атлетиконың» тас қамал қорғаушысы Миранда да өз орнын Данте (Бавария), Тиаго Силва (ПСЖ), Давид Луиз (Челси) және Энрикеге (Наполи) берді. 6. Коутиньо «Ливерпуль» командасының жартылай қорғаушысы Коутиньо да Әлем Чемпионатына бармайды.  7. Леандро Кастан «Ромa» командасының негізгі футболшысына айналып үлгерген Леандро Кастан да Сколари мырзаның назарына ілікпеді. 8. Алекс Жақында «ПСЖ» командасымен Франция чемпионы атанған Алекс Бразилия құрамасына басты үміткерлердің бірі саналған. Алайда, бразилиялық қорғаушы тізімге енбей қалды. Бір клубта ойнайтын отандасы Маркиньос та Әлем Чемпионатынан шет қалды.  9. Лукас Моура Бұл футболшының болашағы әлі алда. 21 жасар Моура да француздық "ПСЖ" командасының негізгі ойыншысы.  10. Лукас Лейва Бүгінде Лукас Лейва ағылшындық "Ливерпуль" командасында ойнап жүр. Бразилия құрамасына шақырылу үшін футболшыға біраз тер төгу керек секілді. Әсіресе, әлемнің үздік құрамасында бәсекелестік өте жоғары.  Бразилия сапында Әлем Чемпионатына қатысатын 23 футболшының тізімі төмендегідей: Қақпашылар – Жулио Сезар («Торонто», Канада), Джефферсон («Ботафого»), Виктор («Атлетико Минейро»); Қорғаушылар – Дани Алвес («Барселона», Испания), Майкон («Рома», Италия), Марсело («Реал», Мадрид, Испания), МаксвеллТиаго Силва (екеуі де – «ПСЖ», Франция), Давид Луис («Челси», Англия), Данте («Бавария»), Энрике («Наполи», Италия); Жартылай қорғаушылар – Луис Густаво («Вольфсбург», Германия), ЭрнанесИнтер», Италия), Паулиньо («Тоттенхэм», Англия), Рамирес, Оскар, Виллиан (бәрі де – «Челси», Англия), Фернандиньо («Манчестер Сити», Англия); Шабуылшылар – Неймар («Барселона»), Халк («Зенит», Ресей), Фред («Флуминенсе»), Жо («Атлетико Минейро»), Бернард («Шахтер», Украина).   Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×