Бразилияда төрт ойыншы мен клуб президенті әуе апатынан қаза болды

25.01.2021, 03:11
Борттағы барлық адам ажал құшты.
Бразилияда төрт ойыншы мен клуб президенті әуе апатынан қаза болды

Бразилияның D сериясында ойнайтын “Палмас” клубының төрт ойыншысы мен президенті әуе апатынан қаза болды, деп хабарлайды Globoesporte.

Ұшақ әуеге көтерілісімен бірнеше минуттан кейін құлап, ұшақтағы алты адам да көз жұмған. Ұшақта футболшылар Лукас Пракседес (23 жас), Гильерме Ноэ (28 жас), Рануле (27 жас) және Маркус Молинари (23 жас), клуб президенті Лукас Мейра (32 жас) және ұшқыш Вагнер болған.



”Палмас” ойыншылары Гоянияға Верди кубогі аясында “Вила Нова” клубына қарсы ойынға жолға шыққан еді. Алайда қайғылы оқиғаға тап болды.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы тағы бір бразилиялық клуб “Шапекоэнсенің” ойыншылары бар ұшақ әуе апатына ұшырап, 71 адам дүниеден озып, Бразилияда үш күндік қаралы күн жарияланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×