Бразилиядағы балалардан сәлем!

18.07.2012, 19:32
Бразилиядағы балалардан сәлем!

Бұйырса, желтоқсан айында елге демалысқа барамыз. Шынымды айтсам, барлық балалар Қазақстанды қатты сағынды. Бірақ, Бразилияға да үйреніп кеттік. Әр үйдің алдында доппен алысып жүрген бір жан, әйтеуір

  Кеше ғаламтор арқылы Бразилияда футбол әліппесін үйреніп жүрген балғын футболшылармен тілдесудің сәті түсті. 1997 жылы туған кішкентай футбошыларымыз сәуір айында алыс Бразилияға аттанған еді.  Бүгінде  олар Пеленің ізі қалған жерде іздену үстінде. Футбол техникасын бір адамдай меңгеріп қалыпты. Ал, Тараздық Данияр Даулетбаев ерекше қуанышты екен.   Біз де дереу сұрақтарды жаудыра бастадық. Данияр болса, асықпай, саспай: «Бұйырса, желтоқсан айында елге демалысқа барамыз. Шынымды айтсам, барлық балалар Қазақстанды қатты сағынды. Бірақ, Бразилияға да үйреніп кеттік. Әр үйдің алдында доппен алысып жүрген бір жан, әйтеуір (күліп). Бәрінен бұрын, Рауан Сариевтің келгеніне қатты  қуанып жатырмыз! Ол футболды өте керемет ойнайды!» деген Данияр: «Ғаламторда тұр, суретімізді көрдің бе?!» деп қайыра сұрақ қойды.   - Иә, өте тамаша екен! Рауан сендерде әлі көп болады ма? Әлі белгісіз. Бастысы, дәл қазір қасымызда. Бізге дем беріп, өз шеберлігімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтып жатыр. «Елді біз де сағындық, бірақ шыдадық! Сендер де шыдаңдар, себебі біз Қазақстан футболының болашағымыз!» деп бізді қуаттандырып қояды. Осы арада әңгімеге Рауан араласты.  - Сәлем, Қазақстан! -Халың қалай, Рауан?! Інілеріңді көріп, мәз болып жатыр екенсің... - Иә, «Оле бразилге» келіп, бауырларыммен бірге доп теуіп жүрмін. Бұл жақта қанша уақыт болатыным белгісіз. Бірақ, қазіргі сәттен ләззәт алудамын.   Әңгімеге қайтадан Данияр араласты: - «Алашарена», біз жаттығуға кеттік! Амандықпен көріскенше! Сәттілік тілейміз сендерге деп әңгімемізді аяқтадық! Жас болса да, кішкентай інілеріне кумир болып үлгерген Рауанның бауырмалдығына ырза болдық...
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×