Бразилиялық футболшы «Ақтөбе» ФК қаралымынан өтуден бас тартуда

26.01.2023, 19:58
Бразилиялық футболшы «Ақтөбе» ФК қаралымынан өтуден бас тартуда


"Жиль-Висентенің" экс-шабуылшысы Элдер Сантана батыс-қазақстандық ұжым сапынан кетуге жақын.

Футболшы "Ақтөбенің" "Спартакқа" қарсы кездесуіне қатысып, голдық пас берді. Алайда, "қызыл-ақтардың" бапкерлік штабы Сантананың болашағына қатысты шешім қабылдап үлгермеді. Олар футболшы тарапынан тағы бір ойын күтіп отыр. 

Элдердің өзі болса, келісімшартсыз жүруден аулақ екен. Былайша айтқанда, құр қолға бата жүрмейді деген қағидат. 

Жағдайды ақша мәселесіде ушықтыруда. "Ақтөбе" Сантана үшін 10-15 мың доллар жалақы беруге шамасы жетпей отыр екен. 

Соған қарағанда батыс-қазақстандық команда Жерар Гоуды алмастырар жаңа шабуылшы іздейтін шығар. 

Бразилиялық "Ақтөбе" қаралымына "Жиль-Висенте" ұжымынан ауысып келді. Шабуылшы португалиялық біріншілікте барлығы 26 ойын өткізіп, 2 гол салған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×