Бразилиялық ойыншы ҚПЛ клубымен келісімшартқа отырды

11.02.2023, 17:18
Бразилиялық ойыншы ҚПЛ клубымен келісімшартқа отырды


"Қызыл-Жар" ФК жаңа ойыншысы Рафаэль Сабиноны таныстырды.

Петропавлдық клуб трансферге байланысты ақпараттарды жариялаған жоқ.

Сабиноға ҚПЛ тансық емес. Ол өткен маусымды "Ақжайық" сапында өткізген. Футболшы оралдық ұжымның жейдесінде 30 рет алаңға шықты. Бұдан бөлек Сабино Украина чемпионатында өз бағын сынап қайтқан. 

Трансфермаркет бразилиялықты 250 мың еуроға бағалауда.

ҚПЛ алғашқы туры 4-5 наурызға жоспарланғанын еске сала кетейік. Жаңа маусымда "Қызыл-Жар" - "Қайсарға" алғашқы болып қонаққа барады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×