Брендан Роджерс «Қайрат» клубының артықшылығы жайлы айтты

25.08.2025, 18:45

«Селтик» бас бапкері Брендан Роджерс Чемпиондар Лигасы плей-оффындағы «Қайратқа» қарсы ойынның алдында Қазақстан чемпионатының ерекшелігіне тоқталды.

Брендан Роджерс «Қайрат» клубының артықшылығы жайлы айтты

«Қазақстан чемпионатының бітуіне санаулы тур қалды. Керісінше бізде біріншілік енді басталды. Әйтсе де біз бұған дейін физикалық жағынан мықты клубтармен бірнеше рет жолығып, басым түскен болатынбыз. 

Біз жасыл алаңға да, уақыт айырмашылығы, күннің ыстығы секілді факторларға мән бермейміз. Соңғы ойында жігіттерімнің өнері тәнті етті. Маусым енді басталса да, қалыптарына келіп үлгерді. Біздің мақсатымыз - топтық кезеңге өту», - деді Брендан Роджерс.

Айта кетейік, алғашқы матч Глазгода 0:0 есебімен аяқталған болатын. Жауапты ойын 26 тамыз күні Алматыда, Қазақстан уақытымен 21:45-те өтеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×