Бресттегі триллер немесе «Астананың» ойсырай жеңілуі

19.08.2020, 06:44
Алаң иелері небәрі 6 минут ішінде матчтың тағдырын шешіп кетті.
Бресттегі триллер немесе «Астананың» ойсырай жеңілуі

Бүгін Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде "Динамо Брест" өз алаңында "Астананы" 6:3 есебімен ойсырата жеңді.

Матчтың есебін алаң иелері ашты. Бұрынырақ "Тобыл" сапында ойнаған Гордейчук 16-минутта алғашқы голды салды, араға бір минут салып Печенин есепті еселеді. Ал 22-минутта Гордейчук дубль жасады. Үш бірдей голға жауап қатпаған "Астана" қақпасына Седько төртінші голды тоғытты.

"Астана" бірінші таймның соңында оянғандай болды. Марин Томасов айып алаңының сыртынан соққы бағыттап көріп еді, доп қақпа торынан табылды. 53-минутта Дорин Ротариу есепті қысқартып, командаға үміт сыйлағандай көрінген еді. Араға екі минут салып Бресттік команда сапынан Диалло көзге түсті.

Матчтың соңына қарай Абзал Бейсебеков есепті қысқартқысы келіп, командасының үшінші голын соққан еді, бірақ Диалло көп ұзамай бұл голға да жауап берді.

Осылайша, "Астана" алдағы уақытта Еуропа лигасында өнер көрсететін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×