Британдық Dailyrecord сайты Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде өтетін Алматылық "Қайрат" пен "Селтик" арасындағы матчқа қатысты болжам жасады.
"Қайрат” негізінен жергілікті ойыншыларымен мақтана алады. Олардың ішінде басты жұлдызы әрі вундеркинд саналатын Дастан Сәтпаев бар. Ол 18 жасқа толған соң "Челсиге” қосылады
Сонымен қатар командада Бразилиялық, Португалиялық легионерлердің ықпалы зор. Мысалы, шабуылшы Жоржиньо мен сол қапталдағы қорғаушы Луиш Мата матчта "Селтикке” қиындық тудыруы мүмкін.
Қазақстан футболы жайлы сөз болғанда, бәрі Дастан Сәтпаевты атайды. Осы аптада ғана 17 жасқа толған ол "Челсиге” 2 миллион фунт стерлингке ауысуға келісімін жасап қойған. Ал ресми түрде келісімшарт келесі жылы, 18 жасқа толған соң күшіне енеді.
Сәтпаев биылғы маусымда Чемпиондар лигасының іріктеуінде үш гол соқты, оның ішінде "Слованға" қарсы алғашқы ойында жеңіс добын енгізген. Бұдан бөлек, ол Қазақстан құрамасы сапында 17 жасында-ақ үш рет алаңға шығып үлгерді.
Португалиялық шабуылшы Жоржиньо да қауіпті саналады, ал жартылай қорғаушылар Валерий Громыко мен Гиорги Зария да гол соғуға қабілетті.
"Селтик" оларды 20 тамыз күні "Паркхед” алаңында қабылдап, жауапты матчты жеңілдету үшін сенімді жеңіске жетуге тырысады. Бірақ егер олай болмаса, Қазақстандағы қарымта ойында жағдай өте қыза түсуі мүмкін." – деп жазады басылым.