Британдық басылым: “Спортинг” “Қайрат” қақпасына кемі екі гол соғады”

17.09.2025, 08:35

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі "Спортинг" пен "Қайрат" арасындағы матчқа қатысты Британдық Sportsmole сайты өз болжамын жариялады.

Британдық басылым: “Спортинг” “Қайрат” қақпасына кемі екі гол соғады”

Ағылшын сарапшылары Португалиялық клубтың шабуыл әлеуетін жоғары бағалап отыр. 

"Шабуыл шебінде мұншалықты талантты ойыншылар барда, "Спортинг" "Қайратқа” бір ғана гол соғып шектелмеуі тиіс. Алматылық клуб Чемпиондар лигасында алғаш рет өнер көрсетіп жатыр, әрі сырт алаңдағы көрсеткіштері мәз емес.” – деп жазады сайт.

Sportsmole пікірінше, "Қайраттың" негізгі үміті – Алматыдағы үй матчтарында ұпай жинау. Сарапшылар бұл кездесу Қазақстандық клубтың қонақтағы алғашқы жеңілістер тізбегінің бастамасы болуы мүмкін деп есептейді.

- Sportsmole

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 6
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×