Sportsmole.co.uk атты британдық спорт порталы жергілікті "Абердин" футбол клубының бүгінгі қарсыласы "Қайрат" жайлы қомақты материал дайындаған екен.
Порталдың материалы Қазақстан мен Шотландия арасының ұзақтығын тілге тиек етумен басталыпты:
Еуропа Лигасындағы маңызды ойындардың бірін өткізу үшін "Абердин" футболшылары 5000 шақырымды артқа тастауға мәжбүр болды. Алматы-Қытаймен шектесіп жатқан Қазақстан мемлекетінің бұрыңғы астанасы. Команданың ең қауіпті, аса сақ ойнауға мәжбүр ететін футболшы-команда капитаны Бауыржан Исламхан. Былтырғы маусымда Қазақстан Премьер-Лигасының ең үздік ойыншысы атанды. Бір жыл бұрын алматылықтар үшінші іріктеу кезеңінде жарыс жолын аяқтады. Ал биыл болса, "Црвена Звезданы" қос ойында да жеңіп, армениялық "Алашкерттен" қиналмай өтті. Бас бапкері білікті-Владимир Вайсс. Бұл маманның баптауымен Қайрат еурокубокте 14 ойын өткізіп 6 ойын ұтып, 2 рет тең ойнап, 6 мәрте жеңіліске ұшыраған. Ал, шабуыл өтіндегі сұрмерген футболшы "Қайрат" жейдесіндегі 33 ойынында 30 голды атына жазған-Жерар Гоу. Бұл ұжым сапында бұрын "Бавария" сапында сәтті өнер көрсеткен Анотолий Тимощуктың барын айтып өткен жөн"
Сонымен қатар портал ойынға шығатын қос команданың құрамын да болжапты. Назарларыңызға ұсынамыз:
"Кайрат" (болжалды құрам):
Плотников, Маркович, Соарес, Қуантаев, Тимощук, Исаэл, Қуат, Исламхан, Риера, Гоу, Лунин.
"Абердин" (болжалды құрам):
Уорд, Куинн, Консидайн, Логан, Джек, Шайни, Хейс, Маклин, Макгинн, Тейлор, Гудвилли.
Мақала аяғында басылым матчқа қатысты болжамын да айтып өткен:
Еуропа Лигасы аясында өз алаңында өткізген екі ойында "Қайрат" 5 гол салыпты. Алайда, "Абердиннің" жаттықтырушылары мен футболшылары қақпаны аман сақтау үшін барын салады деп ойлаймыз. Ол үшін команда қорғаныстa сақ ойнап, шабуылға бар күшімен ұмтылмауы тиіс. Сондықтан, тәуекелге барып 0:0 есебін болжаймыз.