Англия Қазақстандық жас ойыншының аты атала бастады. Британдық танымал сарапшы және All Things Sky Blue подкастының жүргізушісі Гленн Уоткин 18 жастағы Азамат Тұяқбаевтың ойынына жоғары баға беріп, оның Англия Чемпионшипінде өнер көрсетуге қабілетті екенін айтты.
Уоткин ASnews.kz сайтына берген сұхбатында "Ковентри Ситидің” Тұяқбаевқа қызығушылығы кездейсоқ емес екенін атап өтті:
"Азамат мені шынымен таңғалдырды. Ол жас болса да, доппен сенімді әрекет етеді, аяқтары дірілдеп тұрғандай әсер қалдырмайды. Әрине, әлі тәжірибесі аз, бірақ “Спортингтің” қосалқы құрамындағы ойыны мен “Реалға” қарсы кездесудегі батыл қимылдары оның әлеуетін айқын көрсетіп отыр. Тұяқбаев — техникті, жылдам және соңғы аймақта тәуекелден қорықпайтын ойыншы." — деді сарапшы.
Гленн Уоткиннің пікірінше, Тараз қаласының тумасы Азамат Тұяқбаев алдағы уақытта Англия футболына бейімделе алады, бірақ оған уақыт пен тәжірибе қажет:
"Чемпионшип — мүлде басқа деңгей. Мұнда физикалық дайындық пен ойын қарқыны өте жоғары. Дегенмен, жақсы жаттықтырушы мен тұрақты ойын тәжірибесі болса, Тұяқбаев бұл ортаға үйреніп кетеді деп ойлаймын. Оның ойыны айқын, шешім қабылдауы батыл, бұл Ағылшын футболы үшін маңызды қасиет." — деді ол.
Сарапшы Тұяқбаевтың бірден негізгі құрамнан орын алуы қиын болатынын мойындады, бірақ болашағы зор екенін де ерекше атап өтті:
"Қазір оны бірден стартер ретінде елестету қиын, бірақ даму қарқыны сақталса, болашақта неге болмасқа?" — дейді Уоткин.
Аты аңызға айналған Фрэнк Лампард жаттықтыратын Англия Чемпионшипінің "Ковентри Сити” клубы Азамат Тұяқбаевқа назар аударып отыр. Клуб скауттары ойыншыны УЕФА жастар лигасында өткен "Қайрат” пен "Спортинг” арасындағы (2:3) матчтан кейін бақылауға алған.