Британиялықтар Дастан Сәтпаевтың өнеріне тәнті

24.03.2025, 15:57

Metaratings WalesOnline.co.uk порталының қазақстандық жас футболшылар туралы оң пікірін аударыпты.

Британиялықтар Дастан Сәтпаевтың өнеріне тәнті
Дастан Сәтпаев Уэльс - Қазақстан кездесуінде

Шетелдік басылым ұлттық команданың Уэльске қарсы өткен ойынындағы жас футболшылары жайлы пікір айтқан еді. 

«Қазақстан футболы әлі де болсын кең аудиторияның назарында емес. Бірақ Дастан Сәтпаевтай 16-жасар өреннің ағылшын премьер-лигасына ауысуы бұл жағымсыз тенденцияны өзгертуі ықтимал»,- делінген басылымның материалында. 

Айта кетейік, 2026-жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Уэльспен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Бұл матчта Дастан Сәтпаев 75-минутта алаңға шығып, ұлттық құрамадағы дебютін жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 4
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×