Бруну Фернандеш жарақатына байланысты кемінде бір ай алаңға шықпайды

22.12.2025, 13:35

“Манчестер Юнайтед” жартылай қорғаушысы және  капитаны Бруну Фернандеш Ағылшын Премьер лигасының 17-турында “Астон Виллаға” қарсы ойында жарақат алды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Бруну Фернандеш жарақатына байланысты кемінде бір ай алаңға шықпайды

Журналист Джон Персидің мәліметіне сәйкес, үзіліс кезінде ауыстырылған Манкуниандықтардың капитаны кем дегенде бір ай алаңға шыға алмайды. 

31 жастағы Португалиялық жақын күндері медициналық тексеруден өтеді, содан кейін қалпына келтіру мерзімдері бойынша нақтырақ қорытынды жасалады.

Осы маусымда Фернандеш “Манчестер Юнайтедтің” чемпионаттағы барлық ойындарында негізгі құрамда ойнады. Оның есебінде 5 гол және 7 нәтижелі пас бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×