Норвегия чемпионаты аясындағы “Будё-Глимт” пен “Саннефьорд” арасындағы кездесуде Каспер Хёг бірінші таймда үш гол соқты. Ол 13, 16 және 45+4 минуттарда қарсылас қақпасын дәл көздеді. Алайда барлық голдар кезінде офсайд тіркелгені үшін есепке алынбады. Алайда, екінші таймда ол бір нәтижелі пас беріп, пенальтиден гол соқты.
Каспер Хёг Норвегия чемпионатында 12 матчта 9 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.
“Будё-Глимт” командасы қазіргі таңда 23 ұпаймен бесінші орында тұр. Көш бастап тұрған “Викингтен” 13 ұпайға артта, бірақ олардан “Будё-Глимт” төрт ойын кем өткізген.