Буффон А сериясы тарихындағы Мальдинидің рекордын қайталады

21.12.2019, 20:55
Буффон А сериясы тарихындағы Мальдинидің рекордын қайталады

А сериясының 17-туры аясында "Сампдорияға" қонаққа барған "Ювентус" 1:2 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы минуттан бастап алаңға шыққан Джанлуиджи Буффон үшін бұл Италия жоғары чемпионатындағы 647-ойын еді. Бұл көрсеткіш бойынша даңқты қақпашы "Милан" қорғаушысы Паоло Мальдинимен теңесіп отыр.

Негізі биыл жазда Буффонның "ПСЖ"-дан "қарт сеньора" сапына қайта оралуына да осы себеп болса керек. Себебі, Турин ұжымының басшылары Буффонның бұл жетістікті жаңартқанын қатты қаласа керек. Айта кетейік, "Миланның" аты аңызға айналған ойыншысы 2009 жылы карьерасын аяқтаған. Енді кем дегенде тағы 10 жыл бойы Буффонның алдын орайтын футболшы некен-саяқ, тіпті жоқтың қасы.

Мәселен, аталған нәтижені қайта тіркейтін "Интер" қақпашысы Самир Хандановичтің еншісінде 459 матч. Яғни, словениялық қақпашыға Буффоннан асып түсу үшін әлі 200 ойын өткізу керек. Италия біріншілігінде бір маусымда 34 тур бар. Демек, Самир негізгі құрамнан түспей, жарақат алмай үздіксіз ойнады дегеннің өзінде 5 маусым керек. Ал Хандановичтің жасы қазір 35-те. Тағы бес жыл ойнайды деп айтудың өзі қиын.

Сонымен қатар, бір бас асып түседі-ау деген Фабио Квальярелле 453 ойында алаңға шыққан. Дегенмен оның жасы қаңтарда 37-ге толады.

А сериясында ең көп ойынға қатысқан 10 футболшы:

1. Паоло Мальдини (Милан) - 647

2. Джанлуиджи Буффон (Парма-168, Ювентус-479) - 647

3. Франческо Тотти (Рома) - 619

4. Хавьер Занетти (Интер) - 615

5. Джанлука Пальюка (Сампдория-198, Интер-165, Болонья-206, Асколи-23) - 592

6. Дино Дзофф (Удинезе-4, Мантова-93, Наполи-143, Ювентус-330) - 570

7. Пьетро Верховод (Комо-30, Фиорентина-28, Рома-30, Сампдория-358, Ювентус-21, Милан-16, Пьяченца-79) - 562

8. Роберто Манчини (Болонья-30, Сампдория-424, Лацио-87) - 541

9. Сильвио Пиола (Про Верчелли-127, Лаацио-227, Ювентус-28, Новара-155) - 537

10. Энрико Альбертози (Фиорентина-185, Кальяри-177, Милан-170) - 532.

Ал таза теориялық тұрғыдан Буффонның рекордын бұза алатын "із қуалаушылар":

1. Самир Ханданович (Удинезе-182, Тревизо-3, Лацио-1, Интер-273) - 459

2. Фабио Квальярелла (Торино-55, Асколи-33, Сампдория-174, Удинезе-73, Наполи-34, Ювентус-84) - 453

3. Горан Пандев (Анкона-20, Лацио-159, Интер-46, Наполи-92, Дженоа-107) - 424

4. Джорджо Кьеллини (Фиорентина-37, Ювентус-352) - 389

5. Джампаоло Паццини (Аталанта-12, Фиорентина-108, Сампдория-75, Интер-50, Милан-74, Верона-53) - 372

6. Фелипе Даль Белло (Удинезе-197, Фиорентина-26, Чезена-7, Сьена-34, Парма-33, Интер-4, СПАЛ-69) - 370

7. Серджио Флоккари (Мессина-45, Аталанта-67, Дженоа-11, Лацио-83, Парма-28, Сассуоло-49, Болонья-23, СПАЛ-53) - 359

8. Антонио Миранте (Сьена-26, Сампдория-22, Парма-204, Болонья-87, Рома-12) - 351

9-10. Леонардо Бонуччи (Интер-1, Бари-38, Ювентус-273, Милан-35) - 347

9-10. Андреа Консильи (Аталанта-153, Сассуоло-194) - 347

Сондай-ақ, Джанлуиджи енді кезекті рекордты жаңартуға тырысып көруі бек мүмкін. Мысалы, барлық турнирлерде "Ювентус" сапында 705 матч өткізген Алессандро Дель Пьероны басып озуы ықтимал. Дәл қазір Джиджи 664 кездесуге қатысқан.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×