Бүгін 16-тур ойындары

08.07.2012, 09:30
Бүгін 16-тур ойындары

Еуролигаларда өнер көрсететін клубтарымыз осы аптадағы ойындарын кейінге шегеріп тастапты. Мысалы, Қызылордадағы жанкүйерлерге бұл аптада футбол көрудің реті келмейтін сыңайлы. "Ордабасы" қарсыласы "Ягодинаға" дайындалмақ. Ал сырт алаңдағы ойыннан соң қатты шаршаған "Жетісу" жексенбі күнгі кездесуін келесі күнге шегерген.

Әдеттегідей Қазақстан футболына болжамымызды ұсынамыз. Осы уик-ендтің басты ойыны ретінде біз Ақтөбе-Тараз матчын алып отырмыз.

Бұл турдың басты кездесуінде ақтөбеліктерге тегеурінді қарсылас жолыққалы тұр. Тараз командасы қорғанысқа мығым ұжым екенін бірден байқатқан болатын. Сондықтан да букмекерлік кеңселер беріп отырған 1х бәсін аламыз.

"Сұңқар" оралдық ұжымға қарсы тұрмақ. Бауыржан Байтана келгелі бері қаскелеңдіктер алғы шепте жақсы ойнайтын болған. Бірақ, екі ұжым да қорғаныс арқылы ойнайды. Демек, жалпы тоталдың 2.5 тен кем болары сөзсіз.

Астана өз алаңында "Қайратты" ұтуы тиіс. Биыл ел чемпионы болсақ деп жүрген Беранек шәкірттері испаниялық бапкердің тактикасын бұза алатындай жағдайы бар.

"Атырау" гол соққыш "Ертісті" қалай тұсап тастар екен. Қорғаныстан ойнағанның өзінде де керекуліктер бір гол соғып кетуі әбден ықтимал. Сондықтан, тең нәтиже тіркеліп қалуы мүмкін.

Қостанайлық команда сырт алаңда аутсайдерді жеңуі керек. Грозныйдың командасы керекті нәтижеге қол жеткізудің қырларын көкшетаулықтарға қарағанда жақсы біледі.

XVI тур 8 шілде (жексенбі) 106. Жетісу – Шахтер 107. Ақтөбе – Тараз 108. Кайсар – Ордабасы 109. Сұңқар – Ақжайық 110. Астана – Қайрат 111. Атырау – Ертіс 112. Оқжетпес – Тобыл
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Торпедо-Ақтөбе
Келесі жаңалық
Зеедорф Бразилияда
×