Бүгін футболдан Англия премьер-лигасы мәресіне жетсе, Испания ла-лигасының ХХХVII тур ойындары өтеді. Маусымның шешуші әрі тартысты кездесулерін құр жіберіп алмаңыздар.
Англия. Премьер-лига
Ағылшын премьер-лигасы – әлемдегі ең тартысты әрі қызықты чемпионаттардың бірі. Чемпиондық атаққа үміткер командалар жетіп артылады. Ал аутсайдер саналатын клубтардың өзі осал емес. Еуропадағы топ-клуб саналатын ұжымдарды тізе бүктіріп жатады. Бүгін Астана уақытымен 20:00-де басталатын кездесулер 2013/2014 жылғы маусымның соңғы қорытындысын тіркейді. Чемпиондық атақ сарапқа салынатын басты кездесу
«Манчестер Сити» мен «Вест Хэм»арасында өтеді. Өз алаңында ойнайтын
Мануэль Пеллегриникомандасы
бастысы ұтылмаса, осы маусымда топ жарғалы отыр. Ал егер ұтылып жатса,
«Ливерпульдің» чемпион атануына мүмкіндік бар. Онда да
Брендан Роджерс командасы өз алаңында
«Ньюкаслды»жеңер болса.
«Вест Хэм» қатарында өнер көрсетіп жүрген бұрынғы мерсисайдтық клубтың футболшысы
Энди Кэролл бүгін «Ливерпульдың» чемпион атануы үшін барын салып өнер көрсететінін жеткізді. Ал келер маусымда Чемпиондар лигасында өнер көрсететін командалар белгілі. Олар:
«Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Челси». «Арсенал» іріктеу кезеңінен бастайды. Ал Еуропа лигасына
«Эвертон» шықса, «Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед» бүгін жолдама берілер алтыншы орынға таласып көреді. Дегенмен лондондық клубтың мүмкіндігі мол. Тек бүгін ұпай жоғалтпаса болды. Не де болса бір уақытта басталатын кездесулер тартысы қызықты болмақ.
Испания. Ла Лига
Испания біріншілігінің бүгін
ХХХVII тур ойындары өтеді. Чемпион атануға зор мүмкіндігі болған мадридтік
«Реал» соңғы ойындарында ұпай жоғалтып,
«Барселонаға» мүмкіндік сыйлады. Егер бүгін
«Атлетико» өз алаңында «Малагадан» ұпай еншілер болса,
«корольдік клуб»чемпиондықтан түбегейлі үмітін үзеді. Ал
Херардо Мартино командасы бүгін түзде
«Эльчеден» басым түссе, чемпиондық атақ соңғы турда қос аргентиналық бапкерлер шәкірттерінің кездесуінде сарапқа салынатын болады. Егер жеңілер болса,
«Атлетико» мерзімінен бұрын чемпион атануы мүмкін.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
http://massaget.kz/