Бүгін «Астанаға» қарсы«Қайраттың» қорғаушысы ойнайды

03.10.2024, 15:37

Сербиялық «ТСЦ Бачка-Топола» клубының қорғаушысы Маки Баньяк «Астанамен» болатын матчты ерекше күтетінін айтты.

Бүгін «Астанаға» қарсы«Қайраттың» қорғаушысы ойнайды
Маки Баньяк «Қайраттың» сапында

Айта кетейік, бүгін 21:35-те елордалық клуб Конференция Лигасының негізгі кезеңінің бірінші туры аясындағы алғашқы кездесуін өткізеді. Бұл бәсеке Алматыда болады. 

«Біз жеңіске жетіп, үш ұпай олжалаймыз деп үміттенеміз. Алдағы ойын мен үшін ерекше. Маған жақсы таныс қарсыласпен ойнайын деп жатырмыз. Бұл матчтың тағы бір ерекше маңызды болатын тұсы, бүгінгі ойынның ұзақ уақыт бойы маған өз үйімдей болып кеткен алаңда өтетіні және ҚПЛ-дегі жалғыз голымды салған қарсыласқа қарсы өтетінімен байланысты. Біз газонның сапасы, қала жайлы және менің Қазақстандағы мансабым туралы әңгімелестік», - деді «Қайраттың» бұрынғы қорғаушысы. 

Естеріңізде болса, Маки Баньяк алматылық клубта 2021-2023 жылдар аралығында доп тепті. Камерундық қорғаушы «Қайраттың» сапында 45 кездесу өткізіп, екі рет мергендік танытып, бір голдық пас шығарған. Сондай-ақ, 29 жасар футболшы алматылықтар сапында 2021-жылғы Қазақстан кубогінің иегері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×