Бүгін Болгариямен күш сынасамыз

04.06.2013, 22:48
Бүгін Болгариямен күш сынасамыз

Болгария! Еуропа футболында ерекше орны бар команда. 1994-жылы АҚШта өткен Әлем біріншілігінде керемет өнер көрсетіп, күллі әлемге өздерін танытты. Христо Стоичков секілді даңқты ойыншы Болгария құрамасын жалғыз өзі өрге сүйреді. Сол кезде "Барселона" сапында доп тепкен Христо өте ерекше жан болатын. Мысалы ол сол күннің өзінде, Әлем біріншілігінің финалдық кезеңінде күніне екі мәрте темекі шегіп жүрген екен. Оны кейіннен өзі БАҚқа берген сұқбатында айтты. Красимир Балаков пен Лечков секілді тұлғалы футболшылар да Болгарияның мақтанышына айналды. міне, сол кезден кейін араға 10 жыл салып футбол әлеміне тағы бір даңқты болгар ойыншысы келді. Ол - Димитар Бербатов.

Сэр Алекс Фергюссон оны "МЮге" алдыртқан кезде көпшілік бұл шешімнің дұрыстығына күмәнданды. Бірақ, болгар ойыншысы бір маусымда өзіне артылған міндетті ақтап тастады. Қазір ол ұлттық құрамаға ойнаудан бас тартып жүр. Себебі, біршама жасқа да келді. Дегенмен, ұлттық құрамада одан өзге де толып жатқан жақсы ойыншылар жеткілікті.

Қазақстан құрамасы Алматыда керемет ойнай алатынын барлығыңыз білесіздер. Ал жолдастық кездесуде міндетті түрде бір гол соғуы керек деп болжап отырмыз. Ал болгариялықтар жеңіске жетуі үшін 2 гол ұрса да жаман болмас еді. Демек біздің ойымызша ойында тотал 2,5 голдан артық болатын секілді.

Кездесу "Орталық" стадионда сағат 20-00-де басталады. Тікелей көрсетілімді "Ел Арна" эфирінен көре аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×