Асқар Қожабергенов «Брюггеге» қарсы «Қайраттың» негізгі құрамы жайлы ойын айтып, алматылықтардың футболшыларына тоқталды.
Отандық маманның айтуынша, алаң иелерінің тең нәтиже алатын мүмкіндігі бар, бірақ бірнеше негізгі футболшының болмауы «Қайрат» үшін үлкен мәселе болуы ықтимал.
«Жаңадан келген ойыншылары жаман емес көрінеді. Фин футболшысы мықты сияқты. «Қайрат» қатарына енді қосылғандар, белгілі себеппен командаға дәл қазір көмектесе алмайды. Алматылықтар сапынан басқа жаққа кеткен футболшылар бар, жарақат алғандарды да осы қатарға қосуға болады. Сондықтан, құраммен біраз қиындық болайын деп тұр. Бүгін әсіресе, Сорокин мен Сәтпаев жетіспейтін болады. Орындары ойсырап тұр. Осының өзінде үмітміз бар жақсы нәтижеден», - деді А. Қожабергенов «Аладоп.кз» сайтына берген сұхбатында.
«Брюггеге» қарсы ойын «Қайраттың» Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде өз алаңынада өткізетін соңғы кездесуі. Турнирдің соңғы турында алматылықтар Лондонда «Арсеналға» қарсы тұрады. Бұл бәсеке 29-қаңтарда болады.