Бүгін Мессиді кім тоқтата алады?

14.08.2020, 16:51
Екі команда да өздеріне сенімді болып отыр. Бірақ жартылай финалға бір команда ғана өтеді.
Бүгін Мессиді кім тоқтата алады?

"Бавария" командасының басқарма төрарағасы Карл-Хайнц Румменигге өз командасының қорғаушысы Альфонсо Дэвис "Барселонаның" капитаны Лионель Мессиді тоқтата алатынына сенімді. 

"Альфонсо керемет маусым өткізді. Лайықты түрде Бундеслиганың үздік жаңа ойыншысы атаны. Егер Месси оның қапталында ойнайтын болса, Альфонсо оны тоқтата алады. Бұл қиын әрі қызық тапсырма болады. Бұл маусымда Дэвисті ешкім алдап, оза алған жоқ", - деді Румменигге Eurosport басылымына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, "Барселона" мен "Бавария" арасындағы Чемпиондар лигасының ширек финалдық кездесуі бүгін Лиссабон қаласында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады. 

Бұған дейін Чемпиондар лигасының ширек финалында "РБ Лейпциг" командасы "Атлетико" клубын 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын. Енді олар "ПСЖ" командасымен кездеседі. Франциялық ұжым "Аталантаны" 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға шығып еді. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×