
Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында 2025/26 жылғы маусымға арналған еурокубоктардың алғашқы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады.
Бұл рәсім барысында қазақстандық клубтар — «Қайрат», «Актобе» және «Ордабасы» өз қарсыластарын анықтайды.
17:00-де Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі басталады. Бұл турнирде Қазақстан атынан алматылық «Қайрат» өнер көрсетеді.
18:00-де Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі өтеді. Мұнда ел намысын «Ақтөбе» қорғайды.
19:00-де Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарсыласы «Ордабасы» клубына белгілі болады.
Айта кету керек, жаңа маусымда Қазақстанды еурокубоктарда тағы бір команда - «Астана» да таныстырады. Елордалық клуб Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастап жарыс жолына шығады.
Біздің серіктес: FONBET