Испандық ұжымды қолдауға 200-ден астам фанат келеді.
Нақтырақ айтқанда, 300 жанкүйер “Реалдың” бүгінгі кездесуінде өз командасын Орталықта қолдайтын болады. “Қайрат” тарапы УЕФА талабы бойынша стадионнан қонақ командаға 1100 орын тапсырды.
Әуел баста Испанияның Қазақстандағы елшісі Алматыға 1000-нан астам испан азаматы келеді деген ақпарат берген болатын. Алайда матч күнінде 300 фанаттың “Реал” жалауын желбіретіп келгені анықталды.
Одан тағысы, Испания жерінен 15-20 шақты журналист қызмет жасау үшін Алматыға табан тіреді. Бұның есебінде “Реал Мадрид” командасының жеке баспасөз-қызметі де бар. Олар жан-жақты хабар алмасып, Испания еліндегі футбол жанкүйерлерін ақпаратпен қамтамасыз етеді.