Букмекерлік кеңселер Қазақстан мен Эстонияға сенбейді

20.03.2024, 12:50

Дәл осы екі құраманың Еуроға шығу мүмкіндігіне ең жоғары коэффициент беріпті.

Букмекерлік кеңселер Қазақстан мен Эстонияға сенбейді

Эстония Еуро-2024-те ойнайды дегенге бақандай 45 коэффициент берген. Екінші орын біздің Ұлттық командада  - 11. Люксембургті өзінде 5 коэффициент. Қазақстанның ерлігіне ешкім сенбей тұр. Енді Магомед Адиевтің командасы бұл пікірді жоққа шығару үшін бүгін барын салады. Букмекерлердің болжамына сай біздің квартеттен Еуро жолдамасына лайық- Грекия екен. Эллиндерге берілген коэффициент - 2,50. Екінші орында Грузия құрамасы. Гүржілердің Еуропа біріншілігінің финалдық кезеңіне шығу мүмкіндігі 3 коэффициентке тең. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×