"Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин ҚПЛ-дың 3-турындағы "Жетісумен" (0:0) өткен ойыннан кейін төзімі таусылып, алаң сапасына қатысты өткір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Оның айтуынша, мұндай алаңда доп тебу — Қазақстан футболын дамудың орнына, өткен ғасырға сүйреумен тең.
"Біз 19-ғасырға қайта оралдық"
Бапкердің айтуынша, тіпті ойын алдында берілген уәделер де орындалмаған.
"Мұндай алаңдарда ойын өткізудің өзі ұят. Ең болмаса шөпті суару керек еді ғой. Бізге суарамыз деп уәде берген, бірақ іс жүзінде ештеңе жасалмады. Біз футболды дамытудың орнына, өз қолымызбен өлтіріп жатырмыз. Еуропаға қарап бой түзейміз, Қазақстанның абыройы үшін ұпай жинағымыз келеді, бірақ іс жүзінде 19-20 ғасырға қайта оралып жатырмыз. Шыны керек, өте өкінішті.” — деді Уразбахтин.
Сонымен қатар, Уразбахтин "Қайрат” тарапынан жасалған тиімді ұсыныстың неге қабылданбағанын да ашып айтты. Алматылық клуб ойынды сапалы алаңда өткізу үшін барлық шығынды өз мойнына алуға дайын болған.
"Матч алдында біз Орталық стадионда ойнауды ұсындық. Тіпті жалдау ақысы мен барлық шығындарды "Қайрат” төлейтін болды. Бірақ қарсылас тарап бас тартты. Оларға мұндай нашар алаңда ойнаған ыңғайлырақ болса керек.” — деп түйіндеді бапкер.