
Ресейлік танымал инсайдар Андрей Панков Максим Самородовтың болашағы туралы ойын жеткізді.
Айтуынша, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысының деңгейі топ-клубқа баратындай жоғары емес. Бұл туралы инсайдер Vesti.kz-ке мәлімдеген болатын.
«Меніңше, Самородовты дәл қазір «Ахмат» үшін Лечи Садулаев секілді маңызды футболшы деуге болады. Жартылай қорғаушы – негізгі құрамның тұрақты ойыншысына айналған. Статистикасы да жақсы үнемі шабуылдарға қатысады. Трансфері осы жазда іске асуы мүмкін бе? Ондай мүмкіндік барлық кезде де бар ғой, бірақ әңгіме топ-клуб туралы емес. Ары кетсе «Ростов» немесе «Рубиннің» деңгейі ғана», - деді А. Панков.
Максим Самородов РПЛ-де 18 ойында 4 рет мергендік танытып, 2 ассист берген. Сондай-ақ, Ресей Кубогінің 6 кездесуде 2 голдың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET