Бұл – кімнің «Тобылы»?

18.01.2011, 19:06
Бұл – кімнің «Тобылы»?

7-bet-Tobyl

Намыстың жүзі тағы мұқалды… Санкт-Петерборда өтіп жатқан халықаралық футбол турнирінде Қостанайдың “Тобылы” екі кездесу өткізді. Осы қос бәсекеде үш-ақ қазақ жігіті доп тепті. Оның өзінде, олардың бірде-біреуі 90 минут бойы толыққанды өнер көрсетпеді. “Тобылдың” төл шәкірті Ермек Қуантаев та, Ринат Хасенов пен Тимур Досмағамбетов те бәсекеге бастан-аяқ араласа алмады. Бұған кім кінәлі? Ал бұрынғы одақтас өзге елдердің командаларына қарап тұрып сүйсіндік. Бірінші турда “Тобылға” қарсы шыққан Ташкенттің “Бунедкоры” кілең өзбек жігіттерінен құралған екен. Тураев, Құдаяров, Гафуров, Ашмұратов, Шорахмедов, Ибрагимов, Ырысметов, Ражабов, Мелзидинов деп комментатор олардың аттарын атаған сайын айызың қанады. Әрине, “Достастық кубогына” жанкүйер қауым көп жинала бермейді. Бірақ осы турнирдегі біраз кездесуді “Мир” халықаралық телеарнасы биыл да тікелей көрсетуге ниет еткен екен. Ендеше, “Тобылымыздың” жағдайы жалпақ жұртқа әшкере болды деп есептей беріңіз. Қостанайдың клубын өзге тұрмақ өзіміз танымай қалғанымыз да рас. Кездесуді спортқа аса қызығушылығы жоқ досыммен бірге тамашалаған едім. Бастапқыда, “Мынаның қайсысы біздікі?” деп отырған әлгі пақырыңыз: – Мен өзбектерге жанкүйер болам, “Тобылда” бірде-бір қазақ жоқ” дегенде қарсы уәж айтуға сөз таппадым. Рас, мұндай команда бізге керек пе? Тіпті атауы – “Интер” болғасын, атына заты сай саналуға тиіс Әзірбайжанның клубында да мұндай бассыздық жоқ. “Бунедкор” сияқты, Арменияның” Мика” командасына қарап та қызығасың. Каспаров, Петросян, Мкоян, Минасян, Погосян, Тадевосян, Мкртчян, Шахгельдян, Восканян, Ишханян, Бегларян деген футболшылардың түр-тұлғасынан-ақ қай елдің өкілдері екенін ажыратып аласың. Латыштың “Сконтосындағы” жағдай да осыған ұқсас. Тек біздікі ғана… Бұған кім кінәлі? Бас бапкерді “қазақ жігіттерін ойнат” деп міндеттеу қиын. Оған клуб басшылығы ғана емеурін білдіре алуы мүмкін, ал талап қоя алмасы анық. Клубты қаржыландыратын облыс әкімшілігі де мәселені түбегейлі шеше алмайды. Өйткені ертеңгі күні команда нашар нәтиже көрсетіп қалса, бапкер кінәнің бәрін кадр мәселесіне арта салуы ықтимал. Былай қарасаңыз, бұған ешкім де жауапты емес сияқты. Бірақ бапкер, клуб басшылығы және демеуші ортақ көзқараста болса, түйінді мәселенің шешімі табылары сөзсіз. Ең алдымен, клубқа қаржы бөліп отырған қожайынның жүрегінде туған елге деген құрмет болуы тиіс, ол көкейіндегі ниетін жұмысты атқарушы – команда басшылығына жеткізуге міндетті. Ал клуб тізгінін ұстаған мырзалар жаттықтырушымен ақылдасса, “осы елдің нанын жеп отырмыз, ендеше намысын да жырта білейік, жергілікті футболдың өркендеуіне адал үлесімізді қосып, қаракөз қазақ жігіттерін қатарға көбірек тартайық” десе шіркін! Міне, сонда ғана осыдан жарты ғасыр бұрын спорт тақырыбына қалам тербеген ағаларымыз көтерген проблеманың шешімі табыла бастар еді. “Тобылды” орыс тілділер “Тобол” деп атағанды ұнатады. Бұлай етуді доғартуымыз керек. Қазақ елінің командасы екені рас болса, “Тобыл” деп аталсын! Оған облыс әкімшілігі мен Қазақстан футбол федерациясының пәрмені жеткілікті. Қазақ бапкеріне жарымай жүргеніміз де шындық. “Достастық кубогында” “Бунедкорды” Миржалол Қасымов, “Миканы” Армен Шахгильдян, “Сконтоны” Марьян Пахарь алға жетелеуде. Өзгелерін мысалға алмай-ақ қояйық, бұл үш команда да “Тобылмен” бір топтағылар. Ал “Тобылды” ресейлік маман Равиль Сабитов жаттықтырады. Өкінішке қарай, Қазақ елінен чемпион команда жасақтай білетін қазақ жаттықтырушысы шықпай жүр. Сонымен, өзегімізді өртеген турнирдегі нәтижелерге тоқталып өтсек. “Тобыл” екі турдан кейін 4 ұпай олжалады. Равиль Сабитов баптайтын команда алдымен “Бунедкордан” 2:1 есебімен басым түсті. Матчтағы есепті “Тобыл” ашып, 6- минутта оның ресейлік жаңа легионері – Анатолий Богдановтың қанжығасы майланды. Арада он минуттай өткенде серб легионері Миланко Рашкович нәтижені еселей түсті. Бірінші кезең аяқталмай жатып, “Бунедкор” есеп айырмасын қысқартты. Алайда ойынның қалған бөлігінде өзбектер қарымта қайыра алмады. Қорғаныс шебіне мұқият болған “Тобыл” алғашқы жеңісіне қол жеткізді. “Бунедкордың” бетке ұстар ойыншылары Азия чемпионатында ұлттық құрама намысын қорғап жүргенін естеріңізге сала кетейік. Осы турда “В” тобындағы қарсыластарымыз “Сконто” мен Мика” шеберлік байқасып, 2:0 есебімен латыштар ұтты. Екінші турда “Тобыл” тең ойынға әзер қол жеткізді. Алғашқы кездесуін сәтсіз өткізген Арменияның “Мика” клубы оңай шағылар жаңғақ еместігін дәлелдеп бақты. Олар кездесуде есеп ашып, бірінші таймды жеңіспен қорытындылады. Үзілістен соң “Тобыл” Игорь Юриннің көмегімен таразы басын теңестірді. Бірақ көп ұзамай армениялықтар қайта алға шықты. Тағы бір сәтте “Миканың” ойыншысы бос қалған қақпаны дәл көздей алмай қалды. Әйтпесе, матчтың тағдыры шешіліп те қояр ма еді. Дегенмен 73- минутта Сабитовтың ойынға тыңнан қосқан футболшысы Виктор Волков мергендік танытып, кездесу тең нәтижемен аяқталды. Екі турдан соң төрттен ұпай жинаған “Сконто” мен “Тобыл” “В” тобында көш бастады. Алайда төрт команданың да ширек финалға шығу мүмкіндіктері сақталып қалды. Сондықтан шешуші турдағы кездесулер тіптен тартысты болмақ. Әзірге, ширек финалға жолдама алып үлгерген екі ұжым белгілі. Олар – Әзірбайжанның “Интері” мен Финляндияның “ХИК” командасы. “Интер” плей-офф мәселесін екі ойында алты ұпай олжалағаны себебінен шешсе, Финляндиядан келген командаға Ресей жастар құрамасының жарысқа байқаудан тыс қатысатыны септігін тигізді.

Шалқар ЕСТЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.977
Ничья
3.995
П2
3.71
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.915
Ничья
3.95
П2
3.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.509
Ничья
4.945
П2
6.22
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.315
Ничья
3.62
П2
2.233
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.81
П2
2.894
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.087
Ничья
14
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×