“Жаяу жүруді мен де білемін” – Болат Есмағамбетов Наниді аяусыз сынға алды

Бүгін, 16:53

Қазақстандық футбол ардагері Болат Есмағамбетов "Ақтөбе" жұлдызы Нанидің ойынына көңілі толмайтынын ашық айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Жаяу жүруді мен де білемін” – Болат Есмағамбетов Наниді аяусыз сынға алды

Маманның пікірінше, әлемдік деңгейдегі есімі бар ойыншы қазіргі уақытта командаға ешқандай пайда әкеліп жатқан жоқ және күткен үмітті ақтамады.

Есмағамбетов Нанидің алаңдағы деңгейі Қазақстан Премьер лигасына лайық емес екенін айтып, оның қимыл-қозғалысын өткір сынға алды:

"Нанидің "Ақтөбедегі” ойыны ма? Бұл — сұмдық. Тіпті, масқара дер едім. Ол алаңда ешқандай қырымен ерекшеленіп жүрген жоқ. Олай болса, мен де алаңға шығып ойнайын. Футболда жүгіру керек, күресу керек. Ал жай ғана жаяу жүріп, пас таратуды мен де 60 жасымда істей аламын.” — деді Болат Есмағамбетов Sports.24.kz сайтына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×