Бұл не масқара?! ҚФФ Бас хатшысының әкесі Григорий Лорияның үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр. Қазақстанда этика жоқ...

25.07.2025, 15:08

Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиевтің «Қызыл-Жардағы» жоғары жалақысына байланысты дауды білесіздер.

Бұл не масқара?! ҚФФ Бас хатшысының әкесі Григорий Лорияның үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр. Қазақстанда этика жоқ...
Григорий Лория

Құзырлы органдар бапкердің петропавлдық клубпен арадағы келісімшартта көрсетілгеннен әлдеқайда жоғары жалақы алып келгендігін дәлелдеген болатын. Қазір енді сол құзырлы органдар Әлиевке контракттегі 1 миллионның орнына он есе жалақы беріп келген клубтың басшылығын жауапқа тартуда. Сот қазір «Қызыл-Жардың» бас есепшісінен жауап алып жатқан көрінеді. Сондай-ақ, клубтың сол кездегі бас директоры Григорий Лория мырзаға да біраз сұрақтың жиналып қалғаны даусыз. Бірақ мұнда бір үлкен мәселе бар – Григорий Отарұлы Аустралия асып кеткен. Қайтатын ойы да жоқ секілді. Мұхит асып кеткен экс-директорды қайтып жауапқа тартуға болады?! Оны енді тиісті органдардың дәргейіне қалдырдық. Біз жария болған, бұқараның бәріне мәлім дәйектерді ғана келтіре кетейік.

Клуб басшылығы облыс бюджетінен алған қаражатты мақсатқа сай жұмсамаған болуы мүмкін деген күдік бар. Атап айтқанда, шамамен 300 миллион теңге өткізілмеген, болмаған оқу-жаттығу жиындарына, тағы осындай-осындай дүниелерге жұмсалған делінген. Бұдан бөлек, құзырлы органдар тергеу барысында клуб басшылығының даулы келісмшарттардан бөлек, салықтан жалтару фактілерін де анықтаған көрінеді. Бұл оқиғаның мән-жайы толық айтылған жоқ, десе де сот шешімі шыққан соң барлығының белгілі болатыны түсінікті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×