«Бұл ойын созылып кетуі мүмкін?». Танымал сайт «Қайрат» - «Селтик» кездесуіне ерекше болжам жасады

25.08.2025, 12:01

Ресейлік «Soccer365.ru» сайты  ЧЛ плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» - «Селтик» арасындағы қарымта ойынға болжам беріп, командалардың мүмкіндіктерін бағалады.

«Бұл ойын созылып кетуі мүмкін?». Танымал сайт «Қайрат» - «Селтик» кездесуіне ерекше болжам жасады
"Селтик" - "Қайрат" кездесуі

Жауап ойын ертең 21:45-те басталады.

«Бір апта бұрын «Қайрат» Глазгода гол жібермей нағыз сенсация жасады. Иә, қазақстандық клубта да алдыңғы шепте қауіпті сәт болған жоқ, алайда, сырт алаңдағы тең нәтиже одан маңыздырақ. Қазір алаң иелері үшін өте қолайлы жағдай – олардың үйдегі матчта белсенді болатыны анық, бірақ, бекерден-бекер тәуекелге бас тігудің де қажеті шамалы. «Селтик» әлі де фаворит және өзінің деңгейін дәлелдеп, қақпасына көп қарайламауы тиіс. Ал мұндайда басти интрига - «Қайраттың» қарсылас шабуылының қысымына дайындығы. «Сары-қаралар» жақсы қорғанады – бірінші бәсекеден кейін қалыпқа келу үшін уақыттары да көбірек болды. Сондықтан, «Селтик» тағы да тиісті басымдыққа қол жеткізе алмайды дегенге сене берсек болады – шотландиялықтар ЧЛ-да сырт алаңда нәтижесіз ойнайды және оның қорғанысын қателік барысында жазалауға әбден болады. Бұл ойын созылып кетуі мүмкін. Болжам 1:1», - делінген сайт материалында. 

ЧЛ плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» - «Селтик» арасындағы бірінші бәсеке 0:0 болып аяқталған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×