Бундеслига клубы Қазақстан құрамасының футболшысына қызығушылық танытуда

13.10.2025, 13:15

Кеше бірнеше телеграмм-арнасында сұрапыл жаңалық тараған – «Бавария» скауттары Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытқан көрінеді.

Бундеслига клубы Қазақстан құрамасының футболшысына қызығушылық танытуда
Ғалымжан Кенжебек Лихтенштейнге қарсы кездесуде голын тойлауда

Мюнхендік клуб өкілдері Қазақстан құрамасы мен семейлік «Елімай» жартылай қорғаушысының Лихтенштейнге қарсы матчтағы өнеріне тәнті болған ұқсайды. Сөйтіп, Бундеслига топ-командасының скауттары 22 жастағы футболшы туралы мәліметтер жинай бастапты. Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебек Лихтенштейнмен болған кездесуде Қазақстан құрамасының ірі жеңісіне үлкен үлес қосты 4:0. Өткен ойында «Елімай» өкілі 2 гол мен 1 ассисттің авторы атанды. Одан бөлек «Қайрат» түлегінің голы ӘЧ-2026 іріктеуінің 7-турындағы топ-4 голдың қатарына кірген еді.

Биыл Ғалымжан Кенжебек ҚПЛ-де 9 бәсекеде 5 гол мен 3 ассист тіркеп, үздіктердің қатарынан көрінуде. Енді бүгін жартылай қорғаушы ұлттық команда сапында Солтүстік Македонияға қарсы матчта өнер көрсетпек. Бұл бәсеке 23:45-те басталады.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×