Бундеслига: 21-турда көшбасшы ауысқан жоқ

10.02.2020, 12:29
Бундеслига: 21-турда көшбасшы ауысқан жоқ

"Бавария"-"РБ Лейпциг" 0:0.

Бундеслигасының 21-турында бас жүлдеден дәмелі екі мықты кездесті. Қазіргі чемпион "Бавария" өз алаңында "Лейпцигті" қабылдады. Күштілердің сайысы көпшіліктің көңілінен шыға қойған жоқ. Қарсыластар алма-кезек қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, гол соғудың жолын таппады. Алғашқы тайм аңдысумен өтті. Жанкүйерлер екінші қырық бес минутта гол көреміз деп үміттенген еді. Бірақ екі команданың да қорғаушылары мен қақпашылары тамаша ойынымен көзге түсті. Әсіресе, "Лейпциг" қақпашысы Петер Гулачи қырағылық танытты. "Бавария" футболшылары жеңіске жетуге жақын тұрды. Алайда Мюнхен клубына сәттілік жетіспеді. Бұл күні Левандовски, Вернер секілді шабуылшылардың ойыны жүрмеді.

21-турдан кейін "Бавария" 43 ұпаймен топ бастады. Олардан бір ұпайы кем "Лейпциг" екінші орында келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×