Бундеслига аяқталды! «Вердер» соңғы мүмкіндікке жармасты

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
28.06.2020, 02:35
«Бавария» «Вольфсбургты жеңді, «Лейпциг» үшінші орынды сақтап қалды.
Бундеслига аяқталды! «Вердер» соңғы мүмкіндікке жармасты

Соңғы турда 3 орын мен астынан санағандағы 3 орынның кімге бұйырары маңызды болды. "Лейпциг" жеңіске жетіп, Вернердің арқасында қола жүлдегер атанды. Ал "Вердер" "Кельнді" 6:1 жеңіп, плэй-оффқа жолдама алды. Енді екі матч өткізіп, өтпелі кезеңнен өтсе, онда келесі маусымда да Бундеслигада ойнауы мүмкін. "Вердердің" қарсыласы шамамен "Гамбург" клубы болуы ықтимал.

34 гол соққан Роберт Левандовский Бундеслиганың үздік сұрмергені атанды. Сонымен қатар ол лиганың үздік ойыншысы атағын да қоса алды. 28 гол салған Тимо Вернерді де ерекшелеп айта кетуіміз керек. Ол енді келесі айда "Челси" сапына барып қосылады.

"Хоффенхаймның" Хорватиядан келген легионері Андрей Крамарич "Боруссия" Дортмунд қақпасына покер жасады. Соның арқасында Зинсхайм қаласының командасы 6 орын алды. Демек, келесі маусымда олар Еуропа лигасында өнер көрсетеді. Тамаша мүмкіндігі болған "Байер" Чемпиондар лигасынан қағылды. Леверкузен қаласы да келесі жылы Еуропа лигасын қабылдайды. "Боруссия" Менхенгладбах командасы ойынның 82 минутына дейін қола жүлдегер атанып тұрды. Бірақ, Тимо Вернер олардың үмітін сөндірді. Дегенімен, олар келесі жылы Чемпиондар лигасына қатысады.

Бундеслигадан кеткен екі команданың есімі белгілі. "Унионмен" тең түссе де мүмкіндігі болып тұрған "Фортуна" Дюсселдорф 0-3 есебімен жеңіліп қалды. Соның салдарынан олар жоғарғы лигамен қош айтысты. Ал "Падерборн" командасы карантин аяқталып, алғашқы тур ойналған күні-ақ үмітін үзген.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×