Бундеслига: "Боруссия" түзде ұтылып, Эрлинг Холандтың гол соғу сериясы үзілді

09.02.2020, 13:28
Бундеслига: "Боруссия" түзде ұтылып, Эрлинг Холандтың гол соғу сериясы үзілді

"Байер"-"Боруссия Дортмунд" 4:3.

Бундеслиганың 21-турдағы тартысты кездесуі Леверкузенде өтті. «Байер» өз алаңында «Боруссияны» қабылдады. Матчтың 20-минутында Кевин Фолланд екі қорғаушыны қапы қалдырып, есеп ашқан. Араға екі минут салып, «Боруссия» сапынан Матс Хуммельс қарымта гол соқты. Сосын 33-минутта Эмре Джан көзге түсті. Дортмунд футболшысы допты ұршықша иіріп, әдемі гол соқты. Алғашқы таймның аяқталуына екі минут қалғанда Кевин Фолланд тағы белсенді. «Байер» шабуылшысы кезекті шабуылды нәтижелі түйіндеді.

Командалар үзілістен кейін де аянып қалмады. Алдымен «Боруссия» сапынан Рафаэль Геррейро мергендік танытып, қонақтарды алға жетелеген еді. Бірақ Дортмунд жанкүйерлерінің қуанышы ұзаққа созылмады. Жергілікті фанаттардан қолдау алған алаң иелері ойынның бітуіне он минут қалғанда жеңісті жұлып алды. Леон Бэйли мен Ларс Бендер айналасы екі минутта екі гол соғып, «Байердің» мерейін үстем етті. Қорытынды есеп 4:3.

Леверкузен командасы турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді. Ал «Боруссия» үшінші орынға сырғыды.

Бұл ойында "Боруссия" шабуылшысы Эрлинг Холанд алңашқы минуттан бастап алаңға шыққан. Бұл жолы 20 жастағы футболшының "Боруссия" жейдесінде 4 ойынға созылған гол салу сериясы үзілді. Қазір оның еншісінде 3 матчта соққан 7 гол бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×